Аграрные новости: Email download link wordpress plugin video tutorial
100% мемлекеттiк қатысумен серiктестiк

«Технологияларды коммерцияландырудың тәжірибелік аспектілері» атты оқыту семинары.

2015 жылдың 27 шілдесінде «Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығы» ЖШС-нің ұсынысымен «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС-мен бірлесе отырып, «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның базасында «Технологияларды коммерцияландырудың тәжірибелік аспектілері» атты оқыту семинары өтті.

Семинардың мақсаты «ҚазАгроИнновация» АҚ жүйесінің ғылыми-зерттеу иниституттарында ғылыми әзірлемелерді өндіріске және нарыққа шығару бойынша жауапты тұтқалы қызметкерлердің технологияларды коммерциаландыру бойынша құзіреттерін көтеру болып табылады.

Семинарға «ҚазАгроИнновация» АҚ жүйесінің ғылыми-зерттеу иниституттарының бас директорлары, бас директорларының орынбасарлары, ғылыми хатшылар, және де жетекші ғалымдар қатысты.

Осы оқыту семинарын ұйымдастыру және өткізу мүмкіндігі келесідей ұйымдардың тікелей қолдауының арқасында жүзеге асты:

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «ҚазАгроИнновация» АҚ;

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрлігі;

- Дүниежүзілік Банк;

- «CRDF Global» азаматтық зерттеулер және дамытудың америкалық қоры.

Келесідей тұлғалар семинардың баяндамашылары болды:

1. Дамир Егізбаев, «Технологияларды коммерцияландыру отралығы» ЖШС-нің бас директоры;

2. Құрманғазы Омаров, «Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияяландыру орталығы» ЖШС-нің технологияны локализацияландыру директоры;

3. Эрик Азулэй, «CRDF Global» азаматтық зерттеулер және дамытудың америкалық қорының бас сарапшысы;

4. Олег Дьяченко, «CRDF Global» азаматтық зерттеулер және дамытудың америкалық қорының зияткерлік меншік бойынша сарапшысы;

5. Вячеслав Воронов, «CRDF Global» азаматтық зерттеулер және дамытудың америкалық қорының маркетинг және өндірістік серіктестік бойынша сарапшы;

6. Исмаил Тоқбергенов, «Технологияларды коммерцияландыру отралығы» ЖШС-нің жүйелік талдау Басқармасының басшысы;

7. Ахымбеков Абылай, «Технологияларды коммерцияландыру отралығы» ЖШС-нің технологияларды коммерцияландыру бойынша бас менеджер;

8. Зейлхан Тағаев, «Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияяландыру орталығы» ЖШС-нің патенттеу бойынша менеджері;

9. Берік Қонақаев, жоба жетекшісі, «Бұлақ КСМ» ЖШС-нің директоры,«Технологияларды коммерцияландыру отралығы» ЖШС-нің гранталушысы;

10. Алдаберген Нұғманов, а.ш.ғ.к., ҚР БҚО мен Ақтөбе облыстарындағы «BayerCropScience» Компаниясының өкілі.

" Агротехнологияларды коммерциялизациялау" видеоконференциясы

   

                                                                 Баспасөз релизі

VIII Астана экономикалық форумының «Азық-түлік қауіпсіздігі: Заманауи үндеулер»жинақтама сессиясы аясында 2015 жылдың 18 мамырында G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңында «Агротехнологияларды коммерцияландыру» тақырыбында бейнеконференция өтті.

            Бейнеконференцияны ұйымдастырушы: Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығы.

Бейнеконференцияда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің, С.Сейфулин атындағы Қазақ агротехнологиялық университетінің, «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының ғылыми зерттеу мекемелерінің: Казақ ауыл шаруашылығы астық қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институтының, Қазақ су шаруашылығы Ғылыми-зерттеу институтының, Қазақ ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институтының, Қазақ мақта шаруашылығы Ғылыми-зерттеу институтының, Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы Ғылыми-зерттеу институтының, Қазақ мақта шаруашылығы Ғылыми-зерттеу институтының және Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы Ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері қатысты.

  Модератор болып Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығы қызметкерлері Омаров Құрманғазы Құралұлы – технологияларды локализациялау бойынша директоры және Тағаев Зейілхан Фазылханұлы – патенттеу бойынша менеджері шықты.    Бейнеконференцияда ғылыми зертемелерді коммерциаландыру сұрақтары, инновацияларды қолдау мемлекеттік құралдары, сонымен қатар ауыл шаруашылығы кешені саласындағы индустриалды-инновациялық қызмет субъектілеріне қайтарусыз ұсынылатын бюджеттік қаражат есебінен қолдау құралдары, лицензиялық келісім-шарт жасау мәселелері және отандық зерттемелерді коммерцияландырудың өзекті мәселелері талқыланды.

  Конференцияның бейнежазбасы келесі адрес бойынша орнатылған: http://group-global.org/ru/conference/kommercializaciya-agrotehnologiy.

 

                                                                                                                                 «АТКО» ЖШС

                                                                                                                                   8 (7172)577369

                                                                                                                                   office@at2.kz

2014 жылдың қаржылық нәтижелері

Орталықтың қызметі инновациялық агротехнологияларды, жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін өндірісті дамыту және мемлекеттік ресурстардың қатысуымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағымды жағдай жасау арқылы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қолдау көрсетуге бағытталған.  

Орталықтың қызметін қаржыландыру «Агротехнологиялар трансферті және коммерцияландыру жүйесін дамыту» жобасының шеңберінде «АӨК ғылыми-техникалық дамыту үшін «ҚазАгроИнновация» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту» 048 бюджеттік бағдарламасының шеңберінде жарғылық капиталға салым арқылы жүзеге асырылған.    

 Орталық қызметінің нәтижелері бойынша шоғырландырылған аудиттік қаржылық есептілікке сәйкес, сондай-ақ «ҚазАгроИнновация» АҚ ішкі аудитінің нәтижелері бойынша 2014 жыл ішінде жағымды қаржылық нәтижелерге қол жеткізілді.  

Қымбатты ханымдар!

8 наурыз – Халықаралық әйелдер

күнімен құттықтаймыз!

Бақыт пен жақсылық, байлық пен

сәттілік, көктемгі көңіл-күй мен

шат күлкі тілейміз!

Бар тілектеріңіз бен армандарыңыз

орындалсын!

 

                                               Ақ ниетпен  «Агротехнологияларды трансферттеу және

 коммерцияландыру орталығы» ЖШС ұжымы

Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы дағдарысқа қарсы іс-шаралар

Бүгінгі күні «Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығы» ЖШС дағдарысқа қарсы кешенді шаралар енгізуде. Бірінші кезекте, тиімсіз шығыстарды анықтау мен қысқарту арқасында  шығындарды оңтайландыру жүргізілді, өйткені бюджет шығыстарының оңтайландырылуы дағдарысқа қарсы негізгі құралдардың бірі болып табылады.

Ынтымақтастыққа жеке капиталдың қатысуымен жоғары технологиялы өндірісті құруға дайын барлық агробизнес субъектілері шақырылады, ауыл шаруашылығы өнімдерін импорт алмастыру мен экспорттауға  бағытталған инновациялық жобаларға басымдылық беріледі, бұл Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі «Агробизнес-2020» бағдарламасын жалғастыруға мүмкіндік береді.

Отандық әзірлемелерді өрлету үшін Орталықтың дағдарысқа қарсы кезекті шарасы ретінде талапкерлердің инновациялық даму институттарынан гранттық қаражатын алуына септігін тигізуге даяр.

 

Бүгінгі күні «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС мен «Ғылыми-техникалық ақпарат жөніндегі ұлттық орталығы» АҚ ынтымақтастық туралы меморандарға қол қою сатысында. Бұл ақпарат және агротехнологияларды коммерцияландыру саласында тәжірибемен алмасуға, серіктестік қарым – қатынас орнатуға мүмкіндік береді.